Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"SY Investment Company" АҚ "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылданды
/KASE, 17.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2026 жылдың 15 сәуіріндегі шешімімен "Sy Investment Company" АҚ (Алматы) "қор" және "деривативтер" санаттары бойынша KASE мүшелігіне қабылданды.
Осы санаттар бойынша мүшелік KASE-де айналысқа (саудаға) жіберілген бағалы қағаздармен, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын береді.
"SY Investment Company" АҚ "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы KASE Директорлар кеңесінің осы шешімі 2026 жылдың 17 сәуірінен бастап, "деривативтер" санаты бойынша 2026 жылдың 16 сәуірінен бастап күшіне енді.
[2026-04-17]