Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17 сәуірден бастап бастап Қазақстан қор биржасында Johnson&Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
/KASE, 16.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 17 сәуірiнен бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2026 жылдың 26 мамырына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, Johnson&Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 28 мамырынан бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
[2026-04-16]