"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесі 2025 жылға арналған дивидендтердің мөлшерін ұсынды
/KASE, 16.04.26/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
"ҚазТрансОйл" АҚ-тың Директорлар кеңесі "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына 2025 жылдың қорытындысы бойынша 56,6 млрд теңге көлемінде түскен таза табыстың 45,4 млрд теңгесін дивидендтерді төлеуге жұмсауды ұсынды. Таза табыстың 11,2 млрд теңге көлеміндегі қалған бөлігін бөлмеуді және "ҚазТрансОйл" АҚ-иелігінде қалдыруға кеңес берді. Бір қарапайым акцияға есептегенде 2025 жылға арналған дивиденд мөлшері 118 теңге деңгейінде болуын қарастыруды алға тартуда.
2025 жылға арналған "ҚазТрансОйл" АҚ-тың таза табысын бөлу тәртібі және "ҚазТрансОйл" АҚ-тың бір қарапайым акцияға есептегендегі дивиденд мөлшері 2026 жылғы 28 мамырдағы "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысында бекітілетін болады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-04-16]