KZ
17 сәуір 2026, 00:06
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
16.04.2026 16:34 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жалғыз акционері банктің жай акциялары бойынша 2025 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 16.04.26/ – "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (KASE тикері – BRKZ) жалғыз акционердің 2026 жылдың 10 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады.

Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:

  • банктің 2025 жылға шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • банктің 2025 жылдағы 111 428 757 366,34 теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
  • 55 714 372 009,20 теңге банктің жалғыз акционеріне дивидендтер төлеуге жіберілсін;
  • 55 714 385 357,14 теңге банктің қарамағында қалдырылсын.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2026-04-16]