KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ 06 МАМЫРЫНАН БАСТАП KASE ИНДЕКСІН ЕСЕПТЕУ ҮШІН ӨКІЛДІК ТІЗІМДІ АНЫҚТАДЫ
/KASE, 15.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2026 жылдың 14 сәуіріндегі "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 06 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі (бұдан әрі – Тізім) анықталғанын хабарлайды.
Көрсетілген шешімге сәйкес 2026 жылдың 06 мамырынан бастап KASE индексін есептеу үшін акциялардың өкілдік тізімі өзгеріссіз қалады.
-------------------------------------------------------------------------------
Акция
# р/с коды ISIN Эмитент Fi* Ri* Үлесі*
----- ----- ------------ -------------------------------- ---- --------- ------
1 AIRA KZ1C00004050 "ЭЙР АСТАНА" АҚ 41,8 1,0000000 4,8
2 CCBN KZ0007786572 "Банк ЦентрКредит" АҚ 48,2 0,8132893 14,3
3 HSBK KZ000A0LE0S4 "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ 38,0 0,1962655 14,9
4 KCEL KZ1C00000876 "Кселл" АҚ 34,1 1,0000000 10,3
5 KEGC KZ1C00000959 "KEGOC"АҚ 15,0 1,0000000 2,7
6 KMGZ KZ1C00001122 "ҚазМұнайГаз" ҰАК " АҚ 2,6 0,8620804 19,0
7 KSPI KZ1C00001536 АҚ "Kaspi.kz" 33,5 0,1286845 14,1
8 KZAP KZ1C00001619 "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ 25,0 0,1201344 13,7
9 KZTK KZ0009093241 "Қазақтелеком" АҚ 19,2 1,0000000 4,1
10 KZTO KZ1C00000744 "ҚазТрансОйл" АҚ 10,0 1,0000000 2,1
-------------------------------------------------------------------------------
* Fi, Ri, үлес параметрлері 2026 жылдың 14 сәуірінде көрсетілген.
Комитеттің 2026 жылдың 04 мамырындағы шешімі күшіне енгенге дейін Fi, Ri параметрлері және үлесі 2026 жылдың 30 сәуіріндегі сауда-саттық күнінің қорытындылары бойынша қалыптасқан акциялардың бағасына және 2026 жылдың 01 сәуіріндегі еркін айналымдағы акциялар санына сәйкес қайта есептелетін болады.
Индексті есептеу үшін көрсетілген параметрлердің өзгеруі туралы ақпарат 2026 жылдың 04 мамырында жарияланады.
КЕСТЕГЕ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі.
Эмитент – акциялар эмитентінің қысқаша атауы.
Ri – шектеу коэффициенті - әрбір акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін 0,15 (15%) дейін шектейтін параметр әрбір акция үшін тоқсанына бір рет 01 ақпандағы, 01 мамырдағы, 01 тамыздағы,01 қарашадағы жағдай бойынша есептеледі, оны есептеу тәртібі Әдістемемен регламенттеледі.
Fi – 01.01.26-да еркін айналымдағы акциялар санының, KASE-де 30.01.26-да тіркелген соңғы мәміленің бағасының және әрбір атаудағы акцияның индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін Ri коэффициентінің туындысы ретінде алынған параметр.
Доля – KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімдегі барлық атаулардағы акциялардың жиынтық нарықтық құнындағы қандай да бір атаудағы акциялардың жиынтық нарықтық құнының ағымдағы үлесі. Пайызбен көрсетіледі.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-15]