Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
15 сәуірден бастап "Смартолёт Финанс "МҚҰ" ЖШС KZ2P00015647 (MFSFb3) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 14.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 15 сәуірінен бастап "Смартолёт Финанс "МҚҰ" ЖШС KZ2P00015647 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSFb3; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 03.04.26 – 03.04.29; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне аударылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-14]