KZ
15 сәуір 2026, 00:47
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14.04.2026 15:26 #Сауда-саттық ақпараты

14 сәуір күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 сәуірінде болатын МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

/KASE, 14.04.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 16 сәуірінде болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МУИКАМ) KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 50 000 000 000теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 95,3896 % (кірістілік – жылдық 15,00 %) деңгейінде белгіледі.

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады

Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 16 сәуірінде болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 5 жыл МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-14]