Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"ForteBank" АҚ KZ2C00000107 (TEBNb14) және KZ2C00000115 (TEBNb15) облигациялары айналыv мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 14.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 14 сәуірінен бастап айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен "ForteBank" АҚ-ның мынадай облигациялары алынып тасталғанын хабарлайды:
- KZ2C00000107 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, TEBNb14; 0,01 теңге, 6,0 млрд теңге; 14.04.07 – 14.04.26; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360);
- KZ2C00000115 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, TEBNb15; 0,01 теңге, 6,0 млрд теңге; 14.04.07 – 14.04.26; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360).
Аталған облигациялар 2007 жылдың 13 сәуірінен бастап "А" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2007 жылдың 22 мамырынан бастап ашылды.
[2026-04-14]