Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
14 сәуірден бастап Teniz Capital Brokerage Ltd. жеке компаниясының KZ2D00017670 (TCBBpp1) облигациялары "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізіледі
/KASE, 13.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 09 сәуірінде Teniz Capital Brokerage Ltd. жеке компаниясының (Астана) KZ2D00017670 (TCBBpp1; 1 000 теңге, 15,0 млрд теңге; 10 жыл) дисконттық облигацияларын "Жеке орналастыру" алаңы бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 14 сәуірінен бастап күшіне енеді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-13]