KASE 13 сәуірден бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00009178 (NCOMb3) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 13.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00009178 (NCOMb3) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады.
2026 жылдың 13 сәуірінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 81 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-13]