Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Fincraft Group" ЖШС KZ2P00009178 (NCOMb3) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 13.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап KZ2P00009178 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, NCOMb3; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 11.04.23 – 11.04.26; жартыжылдық купон, жылдық 18,50%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімнен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2022 жылдың 23 желтоқсанынан бастап негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 20 ақпанынан бастап ашылды.
[2026-04-13]