KZ
13 сәуір 2026, 09:56
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.04.2026 17:37 #Қаржы құралдары

09 сәуірден бастап BCC Euro ИИПҚ KZPF00001007 (BCCIeur) пайлары KASE ресми тізімінің "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізілді

/KASE, 09.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 09 сәуірінде BCC Euro интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00001007 (BCCIeur) пайларын KASE ресми тізімінің "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына енгізу туралы шешім қабылдады.

Қордың Басқарушы компаниясы "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылғы 09 сәуірінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген пайлармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Көрсетілген пайлар туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды – толығырақ

[2026-04-09]