13 сәуірден бастап үш атаудағы облигациялар Т+ Тізіміне және Т+ Қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі
/KACC, 09.04.26/ – KASE Клиринг орталығының (KACC) Нарықтық тәуекелдер жөніндегі комитетінің шешімімен 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен жасалатын мәмілелерге жіберілген қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ Қамтамасыз ету тізімі) келесі облигациялар енгізіледі:
1) Еуразиялық Даму Банкінің KZ2D00017415 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb60) – T+ Тізімі және T+ Қамтамасыз ету тізіміне;
2) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00015147 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb109) – Т+ Тізіміне;
3) "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00015154 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb110) – Т+ Тізіміне.
Қаржы құралдарын Т+ Тізіміне және Т+ ққамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібі мына сілтеме бойынша KACC интернет-ресурсында жарияланған толығырақ
[2026-04-09]