Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АНОНС: 10 сәуірде KASE Қазақстанда KASE индекстеріне алғашқы ETF сауда-саттығын ашу рәсімін өткізеді
/KASE, 09.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 10 сәуірінде "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ-ның (бұдан әрі – "BCC Invest" АҚ) KASE индекстеріне Қазақстандағы алғашқы ETF іске қосуға арналған сауда-саттықтың ашылу рәсімі өтетінін хабарлайды.
Іс-шараның басталуы – Алматы қ. уақыты 09:30-да.
Іс-шара спикерлері:
- Әлібек Оразақов, "BCC Invest"АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары;
- Руслан Зерилов, "BCC Invest"АҚ Басқарушы директоры;
- Сұлтан Жұмағали, "BCC Invest"АҚ Талдау және зерттеулер департаментінің директоры.
Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2026-04-09]