KZ
12 сәуір 2026, 04:53
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.04.2026 16:14 #Қаржы құралдары

10 сәуірден бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00017580 (FIVEb7) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатын болады

/KASE, 09.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 10 сәуірінен бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00017580 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FIVEb7; 100 теңге, 600,0 млн теңге; 12.03.26 – 12.03.27; тоқсандық купон, жылдық 25,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатыны туралы хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-09]