KZ
10 сәуір 2026, 08:13
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.04.2026 10:51 #Индекстер мен индикаторлар

09 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012268 (BTRKb20) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 09.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 09 сәуірінен бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012268 (BTRKb20) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (09 сәуір – өтеу кезінде тіркелген күні).

2026 жылдың 09 сәуірінен бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 82 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-09]