KASE ESG Knowledge Hub іске қосады
/KASE, 09.04.26/ – Қазақстандық қор биржасы (KASE) тұрақты даму күн тәртібін ілгерілету шеңберінде нарыққа қатысушылар арасында ESG саласындағы сараптаманы дамыту үшін ESG Knowledge Hub – платформасының іске қосылуы туралы хабарлайды.
KASE тұрақты даму саласындағы консалтингілік компаниямен бірлесіп Sustainability Solutions тұрақты қаржыландыру саласындағы үздік халықаралық тәжірибелер, талдамалық және әдіснамалық тәсілдер туралы ай сайынғы жарияланымдар циклін бастады.
"Орнықты даму мақсаттары: таяудағы 5 жыл шешуші болады" бірінші шығарылымы KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ
KASE интернет-ресурсындағы ESG Data Platform бөлімі листингілік компаниялардың есептілігіне, әдістемелік ұсынымдарға, талдамалық және білім беру материалдарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін ESG- ақпараттың орталықтандырылған базасын қамтиды.
KASE нарықтың ашықтығын арттыруға және Қазақстанда тұрақты қаржыландыруды дамытуға ықпал ете отырып, ESG-деректер мен білім инфрақұрылымын дәйекті түрде қалыптастырады.
[2026-04-09]