Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08 сәуірден бастап "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС-ның KZ2P00017882 (MFMOb43) және KZ2P00017890 (MFMOb44) облигациялары "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша баламалы алаңның KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 08.04.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) Басқармасы 2026 жылғы 07 сәуірде "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС-ның (Алматы) келесі облигацияларын "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша баламалы алаңның KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
1) KZ2P00017882 (MFMOb43; $100, $2,0 млн; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 11,00 %; 30/360);
2) KZ2P00017890 (MFMOb44; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 22,00 %; 30/360).
Аталған Басқарма шешімі 2026 жылғы 08 сәуірден бастап күшіне енеді.
Көрсетілген облигациялармен KASE-де сауда-саттықтың ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялар шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған – толығырақ
[2026-04-08]