KZ
12 сәуір 2026, 04:52
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.04.2026 15:28 #Қаржы құралдары

09 сәуірден бастап KASE-де "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00017759 (FPSTb9) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 08.04.26/ – "Қазақстан қор биржасы" (KASE) 2026 жылғы 09 сәуірден бастап KASE-де "BASS Gold" ЖШС-ның KZ2P00017759 облигацияларымен (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, FPSTb9; $100, $10,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 10,50 %; 30/360) сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

Аталған облигациялар бойынша KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының үтірден кейінгі екінші ондық белгісіне дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Көрсетілген облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған – толығырақ

[2026-04-08]