Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстан қор биржасында корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 816,2 млрд теңге болды
/KASE, 08.04.26/ – 2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстан қор биржасында (KASE) корпоративтік облигациялармен жасалған сауда-саттық көлемі 816,2 млрд теңге болып, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 84,9 %-ға өсті.
2025 жылдың үш айлық (қазан-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда, сауда-саттық көлемі 63,2 %-ға азайды.
Төмендегі кестеде биржалық нарықтың осы секторында 2026 жылдың тисті кезеңінде жасалған сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2025 жылдың салыстырмалы деректері (қайталама нарық секторында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасалуы мүмкін) көрсетілген.
--------------------------------------- Жыл, Бастапқы Қайталама ай нарық нарық* Барлығы* ----------- -------- --------- -------- 2026, I 59,2 55,5 114,7 2026, II 276,9 79,7 356,6 2026, III 299,1 45,9 345,0 ----------- -------- --------- -------- Барлығы 635,1 181,1 816,2 ----------- -------- --------- -------- 2025, I-III 238,3 203,0 441,4 тренд, % +166,5 -10,8 +84,9 --------------------------------------- * репо операциялары нарығындағы мәмілелерді қоспағанда.
[2026-04-08]