Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында KASE-де акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 77,3 млрд теңге болды
/KASE, 08.04.26/ – 2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстан қор биржасында (KASE) акциялармен жасалған сауда-саттық көлемі 77,3 млрд теңге болып, 2025 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20,4 %-ға өсті.
2025 жылдың үш айлық (қазан-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда, сауда-саттық көлемі 21,6 %-ға азайды.
Төмендегі кестеде биржалық нарықтың осы секторында 2026 жылы жасалған сауда-саттық көлемі (млрд теңге), сондай-ақ 2025 жылдың салыстырмалы деректері (қайталама нарық секторында акцияларды орналастыру бойынша мәмілелер жасалуы мүмкін) көрсетілген.
--------------------------------------- Жыл, Бастапқы Қайталама ай нарық нарық* Барлығы* ----------- -------- --------- -------- 2026, I 0,0 24,2 24,2 2026, II 0,0 24,4 24,4 2026, III 0,0 28,7 28,7 ----------- -------- --------- -------- Барлығы 0,0 77,3 77,3 ----------- -------- --------- -------- 2025, I-III 0,0 64,2 64,2 тренд, % – +20,4 +20,4 --------------------------------------- * репо операциялары нарығындағы мәмілелерді есепке қоспағанда.
[2026-04-08]