KZ
8 сәуір 2026, 02:45
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.04.2026 17:13 #Сауда-саттық ақпараты

Қазақстан қор биржасында 07 сәуірде Батыс-Қазақстан облысының әкімдігі 4,1 млрд теңге тартты

/KASE, 07.04.26/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Батыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы облигацияларының екі шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті.

Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:

1) KZMJ00003036 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK084_303; 1 000 теңге, 3 063 004 000 теңге; 07.04.26 – 07.04.33; жылдық купон, жылдық 19,15 %; 30/360) 3,1 млрд теңгеге;

2) KZMJ00003044 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK120_304; 1 000 теңге, 1 021 000 000 теңге; 07.04.26 – 07.04.36; жылдық купон, жылдық 19,15 %; 30/360) 1,0 млрд теңгеге.

Аталған облигациялар ағынды суларды тазарту құрылыстарының кешендерін, жылу, электр, сумен жабдықтау және су бұру желілері мен жүйелерін салу мен жаңғыртуды (реконструкциялау, күрделі жөндеу) қаржыландыру мақсатында шығарылды.

[2026-04-07]