KZ
12 сәуір 2026, 04:53
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06.04.2026 17:00 #Қаржы құралдары

07 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС KZ2P00017734 (MFSFb10) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 06.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 07 сәуірінен бастап KASE-де "Смартолёт Финанс" МҚҰ" ЖШС KZ2P00017734 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, MFSFb10; $100, $1,0 млн; 360 күн; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигацияларымен сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-06]