06 СӘУІРДЕН БАСТАП KASE ШЕТЕЛ ВАЛЮТАЛАРЫ НАРЫҒЫНДА ЖАҢА ҚҰРАЛДАРМЕН САУДА-САТТЫҚТЫ БАСТАЙДЫ
/KASE, 06.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 06 сәуірінен бастап KASE валюта нарығында келесі жаңа құралдармен сауда-саттық ашылғанын хабарлайды:
- AED/KZT валюталық жұбы бойынша – есеп айырысуы теңгемен араб дирхамдары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімдері Т+0 (AEDKZT_TOD), Т+1 (AEDKZT_TOM) және Т+2 (AEDKZT_SPT);
- USD/AED валюталық жұбы бойынша – есеп айырысуы АҚШ долларымен араб дирхамдары бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімдері Т+0 (USDAED_TOD), Т+1 (USDAED_TOM) және Т+2 (USDAED_SPT);
- AED/KZT (AEDKZT_0_001, AEDKZT_0_002 және AEDKZT_1_001) және USD/AED (USDAED_0_001, USDAED_0_002 және USDAED_1_001) валюталық жұптарына қатысты шетел валютасымен операциялар.
AEDKZT_TOD және USDAED_TOD қаржы құралдарымен сауда-саттық Астана қ. уақытымен 10:15-тен 12:30-ға дейін өткізілетін болады.
AEDKZT_TOM, AEDKZT_SPT, USDAED_TOM және USDAED_SPT қаржы құралдарымен сауда-саттық Астана қ. уақытымен 10:15-тен 17:00-ға дейін өткізілетін болады.
Торги инструментами AEDKZT_0_001, AEDKZT_0_002, USDAED_0_001 және USDAED_0_002 TOD қаржы құралдарымен сауда-саттық Астана қ. уақытымен 10:15-тен 12:30-ға дейін, AEDKZT_1_001 және USDAED_1_001 – Астана қ. уақытымен 10:15-тен 17:00-ға дейін өткізілетін болады.
2026 жылдың 06 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі:
- Сауда-саттық тәртіптемелері және валюта нарығындағы операциялар туралы қағидаға № 5 өзгертулер;
- Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысына № 23 өзгертулер;
- Валюталық своп операциялары мен шетел валютасымен жасалатын операциялардың маманданымына № 3 өзгертулер мен толықтырулар.
Құжаттардың жаңартылған мәтіндері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланады толығырақ ("Сауда- саттық" қалташасы).
Сауда-саттық және клиринг регламенті мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-06]