KZ
3 сәуір 2026, 20:46
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.04.2026 17:48 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың наурыз айындағы KASE МБҚ нарығына шолу

/KASE, 03.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына (МБҚ) қысқаша шолу ұсынады.

2026 жылдың наурыз айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 106 облигация шығарылымы, оның ішінде 91 МЕКАМ шығарылымы және 15 еурооблигация шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 5 нота шығарылымы, жергілікті атқарушы органдардың 259 облигация шығарылымы және шет мемлекеттердің 58 облигация шығарылымы бар.

Наурыз айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 914,2 млрд теңгені ($1,9 млрд) құрады және ақпанмен салыстырғанда 17,9 %-ға немесе 139,0 млрд теңгеге өсті. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 50,8 млрд теңгені (қайталама нарықта – 17,4 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 19 (қайталама нарықта – 15), бір мәміленің орташа көлемі – 2,7 млрд теңгені (қайталама нарықта – 1,1 млрд теңге) құрады.

Бастапқы нарықта наурыз айында жалпы сомасы 601,4 млрд теңгеге ($1 222,3 млн) 66 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 8,0 %-ға немесе 44,8 млрд теңгеге жоғары:

--------------------------------------------------------------------------------------------------
                                      Сауда-саттық Сауда-саттық                             Өтеуге
Орналастыру Сауда-саттық                   көлемі,      көлемі, Ұсынымға сұраным   Орт-сар.  дейін
күні        коды         ISIN             млрд KZT      млн USD                  кіріст., % мерзім
                                                                                               жыл
----------- ------------ ------------ ------------ ------------ ---------------- ---------- ------
03.03.2026  MOM060_0055  KZK200000778         47,4         94,3           152,6%      15,10    4,6
            MUM096_0015  KZKD00001301         43,5         86,5           101,2%      15,10    7,3
            MUM180_0009  KZKD00000717         56,6        112,6           142,6%      15,98    2,8
            MUM180_0016  KZKD00001194         30,9         61,4             х2,3      14,97   10,9
----------- ------------ ------------ ------------ ------------ ---------------- ---------- ------
04.03.2026  KGK084_290   KZMJ00002905          4,2          8,4             100%      19,00    7,0
            KGK120_289   KZMJ00002897          1,4          2,8             100%      19,00   10,0
----------- ------------ ------------ ------------ ------------ ---------------- ---------- ------
10.03.2026  MKM012_0162  KZK100000431         22,6         45,8            58,3%      16,25    0,9
            MUM096_0016  KZKD00001327         90,1        182,5           150,2%      15,10    8,0
            MUX072_0003  KZKB00000040         45,9         92,9             х2,1      15,74    5,1
----------- ------------ ------------ ------------ ------------ ---------------- ---------- ------
17.03.2026  MTM072_0001  KZKT00000040         50,7        104,2            97,9%      18,76    2,7
            MUM072_0016  KZKD00001319         30,6         63,0             150%      15,10    5,9
            MUM180_0016  KZKD00001194         18,4         37,9             х2,5      15,00   10,9
----------- ------------ ------------ ------------ ------------ ---------------- ---------- ------
20.03.2026  PVK084_298   KZMJ00002988          4,2          8,8             100%      19,15    7,0
            PVK120_299   KZMJ00002996          1,4          2,9             100%      19,15   10,0
            ZKK084_300   KZMJ00003002          8,2         17,0             100%      19,15    7,0
            ZKK120_301   KZMJ00003010          2,7          5,7             100%      19,15   10,0
----------- ------------ ------------ ------------ ------------ ---------------- ---------- ------
26.03.2026  MUM072_0016  KZKD00001319         51,2        106,2             125%      15,10    5,9
            MUM096_0016  KZKD00001327         80,3        166,5           159,9%      15,16    8,0
----------- ------------ ------------ ------------ ------------ ---------------- ---------- ------
27.03.2026  KOK024_293   KZMJ00002939          3,0          6,2             100%       0,35    2,0
            KSK024_291   KZMJ00002913          1,5          3,1             100%       0,35    2,0
            PVK024_302   KZMJ00003028          1,6          3,3             100%       0,35    2,0
            SKK024_295   KZMJ00002954          2,0          4,2             100%       0,35    2,0
            ZKK024_294   KZMJ00002947          3,0          6,2             100%       0,35    2,0
----------- ------------ ------------ ------------ ------------ ---------------- ---------- ------
БАРЛЫҒЫ                                      601,4      1 222,3                                   
--------------------------------------------------------------------------------------------------

Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 28,5 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,2 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 63,3 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 8,0 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,1 %-дан кем болды. Бейрезиденттердің МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысу үлесі 1,8 % құрады.

Қайталама нарықта наурыз айында жалпы сомасы 312,8 млрд теңгеге (6 639,1 млн) 276 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 43,1% - ға немесе 94,3 млрд теңгеге жоғары.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 54,3 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 1,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 21,3 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 22,6 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,9 % тиесілі болды. МБҚ қайталама нарығында бейрезиденттердің сауда- саттыққа қатысу үлесі 15,1 % құрады.

Наурыз айының қорытындысы бойынша МБҚ индекстері мынадай өзгерістерді көрсетті:

---------------------------------------------------------------------------------
                                                                       Бір айдағы
                                                       31.03.26 ж.б.     өзгеруі,
                                                                мәні теңге / б.т.
------------------------------------------------------ ------------- ------------
                        "Таза" бағалар индекстері, теңге                         
---------------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                          1 217,38        +6,07
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                   962,69        +3,66
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам                               818,83       +10,99
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан көп        922,75        +7,30
KZGB_CP сегменттеу мерзімі жоқ                                952,81        +7,75
---------------------------------------------------------------------------------
                          "Таза емес" бағаларының индекстері, теңге                           
---------------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                          1 530,94       +21,16
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                 1 302,30        +8,66
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам                             1 153,31       +27,37
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан көп      1 200,47       +21,00
KZGB_DP сегменттеу мерзімі жоқ                              1 190,22       +18,10
------------------------------------------------------ --------------------------             
                                   Кірістілік индекстері, %                                   
---------------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен                              17,10        +0,14
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                     16,18        -0,03
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам                                 15,00        -0,26
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен бастап және одан көп          15,74        -0,09
KZGB_Y сегменттеу мерзімі жоқ                                  15,75        -0,06
--------------------------------------------------------------------------------

[2026-04-03]