KZ
4 сәуір 2026, 05:22
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.04.2026 16:17 #Қаржы құралдары

06 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Halyk-өтімді" ИИПҚ KZPF00000538 (HFINhl) пайларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады

/KASE, 03.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 06 сәуірінен бастап "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы "Halyk-өтімді" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000538 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, HFINhl) пайларымен KASE-дегі сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес "Halyk Finance" АҚ қордың жұмыс істеуін тоқтату үшін негіздеменің басталғаны туралы хабарламасының негізінде тоқтатылды.

Бұған дейін KASE ""Halyk Finance" АҚ "Halyk – Өтімді" ИИПҚ жұмыс істеуін тоқтату үшін негіздеменің басталғаны туралы хабарлайды" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын – \ толығырақ

[2026-04-03]