Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
06 сәуірден бастап "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС KZ2P00015639 (MFSFb2) облигациялары "таза" бағамен сауда тәртіптемесіне ауыстырылатын болады
/KASE, 03.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 06 сәуірінен бастап "Смартолет Финанс" МҚҰ" ЖШС KZ2P00015639 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSFb2; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 20.03.26 – 20.03.29; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылатыны туралы хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
[2026-04-03]