KZ
5 сәуір 2026, 18:32
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.04.2026 10:50 #Сауда-саттық ақпараты

2026 жылдың наурыз айындағы KASE акциялар нарығына шолу

/KASE, 03.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу жасайды.

2026 жылдың наурыз айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 76 эмитенттің 89 атаудағы акциялары болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциялар "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналымға жіберілді.

2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 46,3 трлн теңгені ($96,2 млрд) құрады, бұл өткен айдағы көрсеткіштен 1,6 трлн теңгеге немесе 3,6 %-ға жоғары.

---------------------------------------------------------
                        31 наурыз  27 ақпан              
                             2026      2026        Δ Δ, %
----------------------- --------- --------- -------- ----
Капитализация, млрд KZT 46 343,00 44 739,93 +1 603,1 +3,6
Капитализация, млн USD  96 239,15 89 167,78 +7 071,4 +7,9
---------------------------------------------------------

2026 жылдың наурыз айында акциялармен сауда-саттық көлемі 28,7 млрд теңгені құрап, ақпанға қатысты 17,8 %-ға немесе 4,3 млрд теңгеге ұлғайды. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,6 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 11 043, бір мәміленің орташа көлемі – 144,3 мың теңгені құрады. Наурызда акциялар саудасы тек қайталама нарықта өтті.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде жеке тұлғалар неғұрлым белсенді болды, олардың үлесіне акциялармен сауда- саттықтың жалпы айналымының – 53,4 %, банктердің үлесіне – 0,2 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 23,3 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,6 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 20,5 % тиесілі болды %. Бейрезиденттердің үлесі – 8,4 % құрады.

KASE Индексінің мәні наурыз айында 0,3 %-ға артып, айдың соңына қарай 7 734,60 тармақты құрады.

2026 жылдың наурыз айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 25,8 млрд теңгені құрады, бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 7,0 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі "– 6,1 млрд теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 23,6%) ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ жай акцияларына тиесілі болды.

----------------------------------------------------------------------------------------------------------
                                         Соңғы мәміленің бағасы,      Сауда-саттық көлемі, Капитализация*,
                                              бір акцияға теңге                  млн теңге      млрд теңге
        Free Индекс-тегі  -------------------------------------- ------------------------- ---------------
       float,      үлесі,                             с 01.01.26                                          
            %          %*  31 марта 27 февраля   Δ, %       Δ, %      март   февраль  Δ, %     на 31.03.26
------ ------ ----------- --------- ---------- ------ ---------- --------- --------- ----- ---------------
KMGZ      2,6        19,5 31 700,00  26 050,01 +21,69     +45,95  6 140,85  1 372,21  х3,5       19 252,38
KZTO     10,0         2,3  1 248,01   1 041,88 +19,78     +31,37  4 224,39  1 697,60  х1,5          481,13
KZTK     19,2         4,2 44 325,00  43 998,99  +0,74      +2,15    811,42    662,33 +22,5          473,88
KEGC     15,0         2,8  1 457,87   1 461,05  -0,22      -6,25    803,45    344,22  х1,3          400,78
KCEL     34,1        10,5  3 339,51   3 440,00  -2,92      -1,29    945,27    294,58  х2,2          668,07
KSPI     33,5        13,4 35 350,00  36 450,00  -3,02     -12,48  1 445,58  1 951,81 -25,9        6 740,02
CCBN     48,2        14,5  4 550,01   4 718,00  -3,56      -2,36  1 876,63  2 448,01 -23,3          801,31
HSBK     38,0        14,4    380,79     404,50  -5,86      +2,48  4 861,31  2 619,22  85,6        4 111,09
KZAP     25,0        13,6 37 920,00  41 270,01  -8,12     +35,14  3 225,35  4 835,93 -33,3        9 797,04
AIRA     41,8         5,0    714,02     836,09  14,60     -21,53  1 434,77  2 519,61 -43,1          247,75
Индекс      –           –  7 734,60   7 711,15   +0,3      +10,0 25 769,02 18 745,51 +37,5               –
KASE                                                                                                      
----------------------------------------------------------------------------------------------------------
* артықшылықты акцияларды ескере отырып, компанияның 
  капитализациясы

[2026-04-03]