Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02 сәуірден бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ XS3329272481 (BTRKe4) және XS3329277019 (BTRKe5) халықаралық облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 02.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылдың 26 наурызында "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (Астана) келесі халықаралық облигацияларының негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:
- XS3329272481 (BTRKe4; 150,0 млрд теңге, 02.04.26 – 02.04.29, жартыжылдық купон, жылдық 16,95 %; 30/360);
- XS3329277019 (BTRKe5; 100,0 млрд теңге, 02.04.26 – 02.04.31, жартыжылдық купон, жылдық 16,95 %; 30/360).
KASE Басқармасының бұл шешімі 2026 жылдың 02 сәуірінен бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ болып табылады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-04-02]