KZ
4 сәуір 2026, 13:34
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.04.2026 17:50 #Қаржы құралдары

02 сәуірден бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00017820 (BTRKb30) облигациялары негізгі алаңының "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 02.04.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2026 жылдың 02 сәуірінде "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ (Астана) KZ2C00017820 (BTRKb30; 1 000 теңге, 100,0 млрд теңге; 13 ай; купон айналым мерзімінің соңында бір рет төленеді, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталатын болады; actual/365) облигациялардың негізгі алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2026 жылдың 02 сәуірінен бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару 2025 жылдың 25 сәуірінде 2,0 трлн теңге сомасында тіркелген "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның 10-шы облигациялық бағдарламасы шеңберінде 13-ші болып табылады.

"Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның қаржылық кеңесшісі "Halyk Finance" АҚ болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-04-02]