01 сәуірден бастап Қазақстан қор биржасында "Wardat al hayat"ИПИФ KZPF00000900 (BCCIwah) пайларымен сауда-саттық тоқтатылды
/KASE, 01.04.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 01 сәуірінен бастап "BCC Invest" АҚ - "Банк ЦентрКредит" АҚ-ның еншілес ұйымы "Wardat Al Hayat" интервалдық инвестициялық пай қорының (ИИПҚ) KZPF00000900 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"секторы, BCCIwah) пайларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Қордың ережелеріне өзгерістер енгізілуіне байланысты KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес сауда-саттық тоқтатыла тұрады.
Бұған дейін осы тақырып бойынша KASE 2026 жылдың 01 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Wardat al hayat" ИИПҚ ережелеріне енгізілген өзгерістерді келісті" тақырыбындағы жаңалығы жарияланған болатын– толығырақ
[2026-04-01]