KZ
31 наурыз 2026, 20:50
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
31.03.2026 17:23 #Индекстер мен индикаторлар

01 СӘУІРДЕН БАСТАП KASE_KZ3BUP* СЕРИЯЛЫ ИНДЕКСТЕРДІҢ ӨКІЛДІК ТІЗІМІ АЛТЫ АТАУДАҒЫ ОБЛИГАЦИЯЛАРДАН ТҰРАДЫ

/KASE, 31.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер мен индикаторлары жөніндегі комитеті Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес 2026 жылдың 01 сәуірінен бастап KASE_KZ3BUP* сериясының индекстерін есептеу үшін келесі өкілдік тізімді анықтады:

1) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00008332 (BTRKb8);

2) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00007862 (KAFIb11);

3) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00008514 (KAFIb12);

4) "ҚазАгроҚаржы" АҚ KZ2C00009843 (KAFIb13);

5) "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС KZ2P00007776 (MFTFb1);

6) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ KZ2C00002319 (SKKZb11).

Аталған облигациялар Әдістеменің барлық талаптарына сәйкес келеді.

Әдістемеге сәйкес үш айда бір рет KASE теңгемен номиналданған BBB- деңгейінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар корпоративтік облигациялардың индекстері мен индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімдерді қайта қарайды.

Көрсетілген облигациялардан KASE_KZ3BUP* индекстер сериясы мыналарды қамтиды:

  • KASE_KZ3_CP – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін облигациялардың "таза" бағаларының индексі;
  • KASE_KZ3_TR – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, бағалар бойынша есептелетін облигациялардың жиынтық табысының индексі;
  • KASE_KZ3_Y – кірістілік индикаторы, жылдық пайызбен;
  • индекстің дюрациясы, жылдармен.

Индекстердің мәндері KASE интернет-ресурсында сілтеме бойынша жарияланатын болады толығырақ

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қолжетімді толығырақ ("Әдістемелер" қалташасы).

[2026-03-31]