"Orbis Leasing" ЖШС-ның 2025 жылғы қаржылық есептілігі мен аудиторлық есебі жарияланды
/KASE, 30.03.26/ – "Orbis Leasing" Микроқаржы ұйымы” ЖШС-ның (KASE тикері – ORBS) 2025 жылғы қаржылық есептілігі мен аудиторлық есебі жарияланды.
"Baker Tilly Qazaqstan Audit" ЖШС-ның есебіне сәйкес қаржылық есептілік 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша "Orbis Leasing" микроқаржы ұйымы” ЖШС-ның қаржылық жағдайын, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес көрсетілген күні аяқталған жыл ішіндегі оның қаржылық нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын барлық елеулі аспектілерде анық көрсетеді.
2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша аудит жүргізілген деректерге сәйкес (егер басқаша белгіленбесе, мың теңгемен):
-----------------------------------------------------------------
31.12.25 31.12.24
Көрсеткіш:
-------------------------------------------- ---------- ---------
Жарғылық капитал 1 100 1 100
Меншікті капитал (капиталдың жетіспеушілігі) 3 731 223 2 775 269
Жиынтық актив 10 815 890 6 878 268
Жиынтық міндеттеме 7 084 667 4 102 999
Сату көлемі 7 976 616 8 154 643
Жалпы кіріс 2 322 144 1 951 308
Таза пайда (таза шығын) 1 040 954 858 148
ROA, % 9,62 12,48
ROE, % 27,90 30,92
ROS, % 13,05 10,52
-----------------------------------------------------------------
Қаржылық есептілік пен аудиторлық есеп мына сілтеме бойынша жарияланған: толығырақ
[2026-03-30]