KZ
31 наурыз 2026, 01:09
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.03.2026 16:58 #Қаржы құралдары

KASE 2026 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНА ӨТІМДІЛІКТІҢ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

/KASE, 30.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" атты KASE ішкі құжатына сәйкес KASE-ге айналымға жіберілгендер қатарынан 2026 жылдың сәуіріне өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші класындағы инвестициялық қорларының акцияларының, депозитарлық қолхаттарының және бағалы қағаздарының тізімдерін (бұдан әрі – бағалы қағаздардың тізімдері) қалыптастырды.

Бағалы қағаздардың тізімдері индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2026 жылдың 26 наурызындағы шешімімен бекітілді және ондағы бағалы қағаздарға KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану мақсатында қалыптастырылды.

2026 жылдың 01-30 сәуірі аралығында қолданылатын өтімділіктің бірінші класындағы бағалы қағаздар тізіміне 81 атаудағы бағалы қағаздар енгізілген. 2026 жылдың наурызында құрылған өтімділіктің бірінші класты бағалы қағаздарының қолданыстағы тізімімен салыстырғанда тізімге мыналар кірді:

1) базалық активі D-MARKET Elektronik Hizmetler ve Ticaret Anonim Sirketi (Hepsiburada) жай акциялары болып табылатын US23292B1044 (сектор "KASE Global", HEPSd) американдық депозитарлық қолхаттар;

2) Occidental Petroleum Corp. US6745991058 ("KASE Global" секторы, OXY_KZ) жай акциялары;

3) базалық активі Alibaba Group Holding Ltd жай акциялар болып табылатын, US01609W1027 ("KASE Global" секторы, BABAd) американдық депозитарлық қолхаттар;

4) US0090632078, US0090631088 ("туынды бағалы қағаздар" секторы, AIRAd), базалық активі "Эйр Астана" АҚ KZ1C00004050 (KASE негізгі алаңы,"премиум" санаты, AIRA) жаһандық депозитарлық қолхаттар;

5) Exxon Mobil Corporation US30231G1022 (сектор "KASE Global", XOM_KZ) жай акциялары;

6) "Фридом Финанс" АҚ басқаруындағы "GoodWill KZT" интервалдық инвестициялық пай қоры (ИИПҚ) KZPF00000090 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw) пайлары.

2026 жылдың наурызына құрылған өтімділіктің бірінші класының тізімінен мыналар шығарылды:

1) "Teniz Capital Investment Banking"АҚ KZ1C00000256 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, IFDR) жай акциялары;

2) "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ басқаруындағы "Wardat al hayat" ИИПҚ KZPF00000900 (("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, BCCIwah) пайлары.

2026 жылдың сәуіріне арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

2026 жылдың наурызына арналған өтімділіктің бірінші, екінші және үшінші кластарының бағалы қағаздарының тізімдері KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

Бағалы қағаздардың өтімділік көрсеткіштерін анықтау әдістемесі мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2026-03-30]