Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АНОНС: 31 НАУРЫЗДА KASE "JET FINANCE" МҚҰ" ЖШС АРНАЛҒАН "ЭМИТЕНТ КҮНІН" ӨТКІЗЕДІ
/KASE, 30.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 31 наурызда "Эмитент күні" жобасы шеңберінде инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ үшін "Jet Finance" МҚҰ" ЖШС басшылығымен кездесу өтетінін хабарлайды.
Кездесу аясында компания басшылығы 2025 жылғы нәтижелерін ұсынады, өнім желісінің дамуы және жаңа нарықтарға шығу, сондай-ақ БАӘ-де Yusr өнімінің іске қосылуы туралы әңгімелейді.
Іс-шараның басталуы – Алматы қаласы уақытымен сағат 14:00.
Іс-шара спикері – Азамат Сейтбеков, Jet Finance бас директоры және негізін қалаушы.
Іс-шара туралы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2026-03-30]