Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00002962 (FAGRb1) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
/KASE, 30.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 наурызынан бастап "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ KZ2C00002962 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, FAGRb1; 1 000 теңге, 6,0 млрд теңге; 30.12.14 – 30.03.26; жартыжылдық купон, жылдық 10,07%; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғанын хабарлайды.
Аталған облигациялар 2014 жылдың 30 желтоқсанынан бастап "Рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді, 2019 жылдың 05 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "облигациялар" санатында болды. Олармен сауда-саттық 2015 жылдың 26 наурызынан бастап ашылды.
[2026-03-30]