30 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 27.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 наурызынан бастап KASE-де орталық контрагенттің қатысуымен сауда- саттық тәртіптемесінде жүргізілетін, есеп айырысу күні 2026 жылдың 15 сәуіріне және одан кейінгі күндерге келетін, репо операциялары бойынша Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2026 жылдың 17 сәуірінен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-03-27]