"Teniz Capital Investment Banking" АҚ "KMF Банк" АҚ KZ2C00017010 (MFKMb9) облигацияларының сәтті орналастырылғаны туралы хабарлады
/KASE, 27.03.26/ – "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (KASE тикері – TCIB) былай деп хабарлады:
дәйексөздің басы
2026 жылғы 20 наурызда Қазақстан қор биржасының (KASE) алаңшасында KMF Банк АҚ-ның үш жылдық теңгелік облигацияларының мамандандырылған саауда-саттығы болды.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша қайта жазылу болды және инвесторлар тарапынан жалпы сұраныс көлемі 6,7 млрд теңгені құрады, бұл мәлімденген орналастыру көлемінен асып кетті. Нәтижесінде, нақтылы құн бойынша 5,0 млрд теңге сомасына өтінімдер қанағаттандырылды, бұл инвесторлардың құралға деген жоғары қызығушылығын куәландырады.
дәйексөздің соңы
Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ
[2026-03-27]