30 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының үш шығарылымымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 27.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 наурызынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүргізілетін репо операциялары бойынша АҚШ Қаржы министрлігінің келесі халықаралық облигацияларымен KASE-де сауда- саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды:
1) есеп айырысу күні 2026 жылдың 29 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, US91282CCJ80 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US_85_2606), сауда саттық 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап қайта басталады;
2) есеп айырысу күні 2026 жылдың 29 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, US912828YX25 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US105_2612), сауда саттық 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап қайта басталады;
3) есеп айырысу күні 2026 жылдың 29 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін, US91282CDP32 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, US106_2812), сауда саттық 2026 жылдың 01 шілдесінен бастап қайта басталады.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де көрсетілген облигациялар бойынша купондық сыйақы төлеу үшін тізілімді тіркеу туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-03-27