Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00015720 (MFSCb9) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 27.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 30 наурызынан бастап "Swiss Capital (Свисс Капитал) "МҚҰ"ЖШС KZ2P00015720 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb9) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық "Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС жалғыз қатысушысының 2026 жылдың 12 наурызындағы көрсетілген облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулер енгізу туралы шешіміне байланысты тоқтатыла тұрады.
[2026-03-27]