KZ
28 наурыз 2026, 09:21
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.03.2026 10:07 #Индекстер мен индикаторлар

27 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасы KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ kz2c00012698 (BTRKb17) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 27.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 27 наурызынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның KZ2C00012698 (BTRKb17) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (27 наурыз – өтеу кезінде тіркелген күні).

2026 жылдың 27 наурызынан бастап KASE_BM* сериялы индикаторлардың өкілдік тізімі 84 атаудағы облигациялардан тұрады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар ("таза" бағалар бойынша) бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2026-03-27]