KZ
26 наурыз 2026, 19:58
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.03.2026 17:30 #Қаржы құралдары

27 наурыздан бастап KASE-де Micron Technology, Inc. компаниясының US5951121038 (MU_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық уақытша тоқтатылды

/KASE, 26.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылғы 27 наурыздан бастап KASE-де Micron Technology, Inc. компаниясының US5951121038 ("KASE Global" секторы, MU_KZ) жай акцияларымен орталық контрагенттің қатысуымен жасалатын сауда-саттық режіміндегі және есеп айырысуы 2026 жылғы 30 наурызына және одан кейінгі күндерге түсетін репо операциялары бойынша сауда-саттық уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

Осы акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2026 жылғы 01 сәуiрiнде қайта басталады

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" атты ішкі құжатының 13-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, KASE-де осы акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты уақытша тоқтатылды.

[2026-03-26]