KZ
26 наурыз 2026, 18:22
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.03.2026 16:24 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2025 жылға қаржылық нәтижелерін хабарлады

/KASE, 26.03.26/ – "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (KASE тикері – KMGZ) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚМГ", "Компания"), Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы тәуелсіз аудитордың есебімен қоса, 2025 жылға арналған халықаралық қаржы есептіліктің стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржы есебін жариялады.

2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылғы негізгі қаржылық көрсеткіштер:

  • үсім 8 330 млрд теңгемен (17 750 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 9 371 млрд теңгені (17 977 млн АҚШ доллары) құрады;
  • EBITDA көрсеткіші 2 001 млрд теңгемен (4 264 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2 393 млрд теңгені (4 591 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесін қоса алғанда, Компанияның таза пайдасы 1 094 млрд теңгемен (2 332 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 072 млрд теңгені (2 056 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлесіне түзетілген таза пайда2 1 264 млрд теңгемен (2 694 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 277 млрд теңгені (2 449 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Бос ақша ағымы 1 199 млрд теңгемен (2 555 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 233 млрд теңгені (2 365 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Жалпы қарыз 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 3 967 млрд теңге (7 555 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 3 522 млрд теңгені (6 967 млн АҚШ доллары) құрады;
  • Компанияның таза қарызы 2024 жылғы 31 желтоқсандағы 1 163 млрд теңге (2 214 млн АҚШ доллары) көрсеткішімен салыстырғанда 2025 жылғы 31 желтоқсандағы 375 млрд теңгені (742 млн АҚШ доллары) құрады.

* Қолайлы болу үшін сомалар тиісті кезеңдегі орташа айырбас бағамы бойынша АҚШ долларында көрсетілген (2025 және 2024 жылдардағы орташа бағамдар сәйкесінше 521,31 және 469,31 теңге/АҚШ долл. құрайды; кезең соңындағы бағамдар – 2025 жылғы 31 желтоқсанда және 2024 жылғы 31 желтоқсанда сәйкесінше 505,53 және 525,11 теңге/АҚШ долл. құрайды).

** Бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлеске түзетілген таза пайда = Таза пайда + бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардан алынған дивидендтер минус бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың пайдасындағы үлес.

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2026-03-26]