Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26 наурыздан бастап "Fincraft Group" ЖШС KZ2P00017643 (NCOMb12) облигациялары негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді
/KASE, 26.03.26/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2026 жылдың 19 наурызында "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) KZ2P00017643 (NCOMb12; $100, $10,0 млн; 360 күн; жартыжылдық купон, жылдық 11,00 %; 30/360) облигацияларын негізгі алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.
Басқарманың бұл шешімі 2026 жылдың 26 наурызынан бастап күшіне енеді.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-03-26]