26 наурыз күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 наурызында болатын МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті
/KASE, 26.03.26/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2026 жылдың 30 наурызында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ) KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 39 958 970 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 99,2848 % (кірістілік – жылдық 15,25 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 99,7008 % құрады (кірістілік – жылдық 15,16 %).
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 30 наурызында болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 8 жыл МЕУКАМ KZKD00001327 (MUM096_0016) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-03-26]