26 наурыздан бастап KASE "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012987 (BTRKb18) облигацияларын KASE_ESGB* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 26.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 наурызынан бастап "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012987 (BTRKb18) облигацияларын KASE_ESGB* сериясының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады.
2026 жылдың 26 наурызынан бастап KASE_ESGB* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 19 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_ESGB_CP – ESG-облигациялардың "таза бағалар" индексі, жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есептемегендегі бағалар бойынша есептеледі, %.
KASE_ESGB_DP – есептелген купондық сыйақыны және қайта инвестицияланған купондық төлемді ескере отырып, ESG-облигациялардың "таза емес" бағалары бойынша есептелетін индекс, %.
KASE_ESGB_Y – ESG облигацияларының кірістілік индикаторы, %.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-03-26]