26 наурыздан бастап KASE "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ KZ2C00012987 (BTRKb18) облигацияларын KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 26.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 26 наурызынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ-ның KZ2C00012987 (BTRKb18) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (26 наурыз – өтеу кезінде тіркелген күні).
2026 жылдың 26 наурызынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 85 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар ("таза" бағалар бойынша) бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2026-03-26]