KZ
21 наурыз 2026, 18:01
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.03.2026 10:45 #Корпоративтік уақиғалар

"KEGOC" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 21 сәуірде өткізу туралы хабарлама

/KASE, 20.03.26/ – "KEGOC" АҚ (KASE тикері – KEGC) 2026 жылдың 21 сәуірінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін қоғамның қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2025 жылдың екінші жартыжылдықта қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивидендтер мөлшерін бекіту туралы;

2) қоғамның дивидендтік саясат туралы қағидаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;

3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы;

4) қоғамның корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы;

5) қоғамның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы;

6) "KEGOC" АҚ тобының 2026 жылға қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды және оның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін анықтау туралы;

7) қоғамның Директорлар кеңесі туралы қағиданы жаңа редакцияда бекіту туралы.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2026-03-20]