KZ
20 наурыз 2026, 14:09
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
20.03.2026 09:53 #Қаржы құралдары

Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009628 (EABRb40) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

/KASE, 20.03.26/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2026 жылдың 20 наурызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009628 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb40; $200,0 млн; 20.03.23 – 20.03.26; жартыжылдық купон, жылдық 5,72 %; 30/360) облигациялары айналым мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімнен шығарылғанын хабарлайды.

Аталған облигациялар KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына 2023 жылдың 15 наурызынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2023 жылдың 31 наурызынан бастап ашылды.

[2026-03-20]