KZ
19 наурыз 2026, 19:16
KZ
Кіру
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.03.2026 15:02 #Корпоративтік уақиғалар

"Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2025 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 19.03.26/ – "Банк ЦентрКредит" АҚ (KASE тикері – CCBN) 2026 жылдың 18 наурызында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • банктің 2025 жылға аудиттелген шоғырландырылған және жекелеген жылдық қаржылық есептілігі бекіту;
  • жай акциялар бойынша 2025 қаржы жылға дивидендтер төлемеу;
  • 2025 жылдағы 240 194 млн теңге мөлшеріндегі таза табыс өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда шотында қалдырылсын.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2026-03-19]